Қытайдың Тоқаевты шақыру сыры. Қазақстанға санкция салынуы мүмкін. Тұрсынбек дауға қалды. Ұлысапта

Ulysmedia

Ұлысмедиа өткен аптаны шолып шықты. Әдеттегідей өзекті деген тақырыптарды тарқатуға тырысты.

 – Президент Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аяқталды. «Қытай» десе көңілі жібімейтін қазақ үшін қандай пайдалы келісімдерге қол қойылды?
  – Ызғары кетпеген қаңтар. Алматыда алаңда болған тағы 25 азаматқа үкім шықты. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті шешуші күндерде шешім қабылдай алмаған сенімсіз офицерлерден тазарды ма?
  – Танымал оппозиционер Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Қайраткер саналы ғұмырында әділдік іздеп өткен еді.
  – «Мәселеміз әлі шешілген жоқ» Жаңаөзеннің мұнайшылары Президентке үндеу жолдады.
  – Астана әкімдігіндегі жемқорлық. Жеңіс Қасымбектің қоластындағы басқарма басшысы ұсталды.
  – Қазаққа кесел боп жабысқан қымбатшылықтан қашан құтыламыз? Премьер министр орынбасары  Серік Жұманғарин Ұлысмедиаға үлкен сұхбат берді.
  – «Жаз бойы бай манаптардың тойына сабылтты.» Айтыскер Айшолпан Тұрсын Қабатовтың әйелінің әрекеттерін әшкере етті.
  – Түркияда Президент сайлауы қыза түсті. Екінші турдан не күтуге болады?
   – Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне Қазақстан көмектесіп жатыр ма? Өзіміз санкция астында қалмаймыз ба?
 
Осының бәрін Ұлысаптадан көріңіз.