Қаңтардан кейінгі Қазақстан, бітпейтін жемқорлық пен қауқарсыз идеология – Бақытжан Бұқарбаймен сұхбат

Ulysmedia

Ұлыссұхбаттың бұл жолғы қонағы – белгілі саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай. Орынды ойы, белсенді көзқарасымен көпке танымал саясаттанушы Кенесары ханның Құранының табылуына атсалысып, ағартушылық бағытта біршама жұмыс тындырып жүр. Ол сұхбатында көзі ашық, көкірегі ояу азаматы көп мемлекет қалыптастырудың маңызы жайында ой-толғамын жеткізді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Бақытжан Бұқарбай қоғамдағы тәуелсіз журналистердің сотталуы, патшаға табыну, Қаңтар оқиғасынан кейінгі рухы сынған халықтың жай-күйі, арабтану, хиджап, мектептердегі қазақ тілі және Алаш демократиясы жайында ойын ашық айтты.