Алматыда сиреналар қашан қосылады

Ulysmedia

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев айтып берді, деп хабарлайды ulysmediz.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

365info.kz

Алматыда барлығы 843 электр сиренасы бар, бұл 100% қамтылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5.5 баллдан асатын тербелістерді тіркеген кезде іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты.

"Тиісінше, 4-тен 5 баллға дейінгі дүмпулер тіркелген кезде сиренаны қосу қажет емес. Ол  дүрбелең тудырар еді", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.