Азық-түлік ең көп қымбаттаған үш өңір аталды

Аян Өрібай

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9% өсті, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

«Ішкі нарықта отандық өнімдердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5%-ке төмендеді. Атап айтқанда, ең жоғары өсім сәтінен бастап картоп бағасы 34% немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41% немесе 122 теңгеге, сонымен қатар соңғы апталарда қырыққабат 0,4%, пияз 0,1% арзандады», - деді Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, бағаның ең жоғары өсімі Түркістан облысында(11,6%), Қызылорда облысында (11,3%)  және Қостанай облысында (11,3%) тіркелген. Ең төменгі өсім Алматы қаласында (9,5%), Алматы облысында (9,6%) және Қарағанды облысында (9,7%) байқалған.