Балушкинде болған «Рахман қайнарлары» шипажайы мемлекетке қайтарылды

Аян Өрібай

Электронды сауда алаңында "Рахман қайнарлары" санаторийін мемлекет органдарының балансына берілгені хабарланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, сауда қорытындысы бойынша шипажай ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының теңгеріміне берілген.

– 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі күні ол орынды қабылдауға мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан тұратын комиссия шығып кетті. Санаторийді шетелдік компанияларға беру жоспарланбаған", - дейді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

"Рахман қайнарлары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданылатын табиғи минералды термалды жерасты радон сулары бар. Мемлекетке өтпес бұрын олигарх Анатолий Балушкинге тиесілі болған.

Балушкиннің соты

Өскеменде миллиардер Балушкинді сырттай соттап жатыр. Қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралады. Бизнесменге қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Іс бойынша жәбірленуші – First Heartland Jusan Bank пен Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Анатолий Балушкинмен қатар, «Азия-Авто» бас директоры болған Ерік Сағымбаевқа айып тағылған. 

Анатолий Балушкин деген кім 

Балушкин 1970 жылы Өскеменде дүниеге келген. Бизнесін тоқсаныншы жылдары комбайндарды сатудан бастаған. Араға уақыт салып, ол Ресейден көлік әкеп сата бастады. Кейін Азия Авто мен БИПЭК Авто Қазақстан атты компания ашып, бақылаушы акционеріне айналды. Балушкиннің байлығы, сарапшылардың бағалауы бойынша бір жылдары 150 миллион доллардан асқан.

2017 жылға қарай Балушкин Үкіметпен келісім-шарт бойынша зауытты толық өндірістік циклі бар кәсіпорынға айналдыруы керек еді. Бірақ жеңілдіктер де, артықшылықтар да көмектеспеді. 2019 жылдың соңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зауыт басшылығы келісім аясында талап етілетін дәнекерлеу және бояу цехтарын құрмады деп шағым түсірді. 2021 жылдың қаңтар айының соңында компаниядан мемлекет пайдасына 173,9 млрд теңге шығындарды өндіріп алу жөнінде шешім қабылданды. ИИДМ Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын қолдап, республикалық бюджет кірісіне шығынды өндіріп алуды талап етті.

Балушкиннің автоөндірістен басқа туризммен, саудамен, медиамен байланысты басқа да көп компаниясы болған.

2020 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Балушкин Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер қатарында 37-ші орында болған. 

2021 жылдың 12 тамызында Қаржы мониторингі агенттігі Балушкиннің іздестіру жарияланғанын және сот оны ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сырттай қамауға алуға санкция бергені жөнінде ақпарат таратты.