Бүгін түнде Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Құлсары қаласынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 10 сәуір күні сағат 01:40-та Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде болған. Магнитудасы – 4,3. Жер сілкінісінің сезілуі немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Кеше Тайваньның солтүстік-шығысында, Илань уезінде, магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі орын алды.
Наурыз айының соңында Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Мыңдаған адам қаза тапты. Осы оқиғаға байланысты Мьянмада жеті күндік аза жарияланды.