Қызылорда облысында адамдар отырған ұшақ жоғалып кеткен

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Қызылорда облысында адамдар отырған ұшақ жоғалып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Кеше, мамырда 18  ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олардың қайда екені белгісіз болған. Олармен байланыс болмады.

ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

ҰШАҚ ТАБЫЛДЫ

Іздестіру тобының жедел іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.