Алматылықтар үшін маусымнан бастап жарық қымбаттауы мүмкін

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Алматылықтар үшін жаздан бастап жарық қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕП

Себебі «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы 1 маусымнан бастап қаладағы электр энергиясының шекті тарифін ҚҚС-сыз 1 киловатт-сағатына 38,66 теңгеге дейін көтеру туралы өтінім берген.

Компания бұл әлі нақты бекітілген баға емес екенін атап өтті – жаңа тарифті табиғи монополияларды реттеу органымен келісу қажет.

НЕГЕ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР

«АлматыЭнергоСбыт» түсіндіруінше:

  • Қаңтардан бастап жүктемені көтеруге арналған электр қуатын дайындау бағасы өскен;
  • Сәуірден бастап аймақтық желілер арқылы электр жеткізу, ұлттық электр желісін пайдалан және өндіру мен тұтыну арасындағы теңгерімді ұйымдастыру қызметтерінің бағасы артқан.

Тұтыну нормалары бойынша ұсынылған шекті тарифтер (ҚҚС-сыз):

  • 26,8 теңге/кВт·сағ
  • 35,42 теңге/кВт·сағ
  • 44,28 теңге/кВт·сағ

Тұтынушы санаттары бойынша ұсынылған шекті тарифтер (ҚҚС-сыз):

  • Жеке тұлғалар (үй шаруашылықтары) – 29,52 теңге/кВт·сағ
  • Коммерциялық (тұрмыстық емес) тұтынушылар – 38,66 теңге/кВт·сағ
  • Бюджеттік ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) – 111,72 теңге/кВт·сағ