Шымкенттен шыққан 65 отбасы Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына көшу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Otyrar TV мәліметінше, халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен жұмыс күші жетіспейтін солтүстік аймақтарға қоныс аударатындар легі тоқтаған емес. Бұл жолы Шымкенттен тағы бір тобы, 65 отбасы солтүстікке бет алды. Көшуге негізгі себеп мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары болған.
Көшіп барған отбасыларға бір реттік жәрдемақы ретінде 275 мың теңгеге дейінгі төлем және тұрғын үй құнының 50%-на дейінгі бөлігін жабатын тұрғын үй сертификаттары ұсынылады. Алайда мамандардың айтуынша, бұл мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін белгілі бір талаптарды орындау қажет.
— Келісімшарт талаптарына сәйкес, қоныс аударушылар бес жыл толмай қайтып кетпеуі тиіс, сондай-ақ банктік шоттары бұғатталмаған болуы керек. Егер шот бұғаттаулы болса да, мемлекет тарапынан берілетін қаржы арнайы шот арқылы аударылады, – деді «Ұлы Көш» ұйымының төрайымы Ақлима Ертайқызы.
КОНТЕКСТ
Ресми мәліметке сәйкес, солтүстікке қоныс аударған азаматтардың 90%-дан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Олар негізінен құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында еңбек етуде.