Серікбай Әлібаев соққыға жығылмағанын, аман екенін жеткізді

Ulysmedia

Ulysmedia.kz порталының тілшісі Павлодардағы ақсақалға қоңырау шалып, жағдайын білді. Серікбай Әлібаев өзінің аман екенін, соққыға жығылғаны туралы ақпарат жалған екенін мәлім етті.

Фото: Ашық дереккөзден

Павлодарлық белсенді, Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты әлеуметтік желілерде ондай ақпараттың кім таратқанын білмейтінін айтады. Әлібаевтың айтуынша, митингтен кейін ол шынында да, полиция бөлімшесінде 15 сағат ұсталған. Осыдан кейін үйіне айтқан. Қазір ол үйінде. Суық тиіп қалғандықтан, емделіп, туған-туыстарына өзінде бәрі жақсы екенін айтып жатыр.

5 қаңтарда Павлоларда митингте облыс әкімдігінің алдында Серікбай Әлібаев 2 минут сөз сөйлеген. Ол қоғамда проблема көбейіп кеткендіктен, халықтың көшеге шыққанын айтқан. Ал газ бағасы – тек наразылыққа түрткі болғанын, халық реформаны, оның ішінде әкімдердің сайлануын қалайтынын жеткізген.