«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры және бас инженері 8 млн теңгеден астам мемлекеттік ақшаны иемденген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
3 шілдеде Петропавл қалалық сотында мемлекеттік қаражатты ұрлау туралы шулы іс бойынша кезекті үкім шығарылды.
СОТ ҮКІМІ
Директоры «К» мен бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, «К» 3 жылға, «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
АҚША ЖЫМҚЫРЫЛҒАН
Мемлекеттік айыптау осындай жолмен сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді.
Үкім 2025 жылдың 26 тамызында заңды күшіне енді.