Алматы облысында үй өртеніп, анасы мен баласы тірідей жанып кетті

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматы облысы Іле ауданының Кенен Әзірбаев ауылындағы үйде өрт шығып, салдарынан анасы мен сәбиеі тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға айылдағы Егемендік көшесінде болған. ТЖД мәліметінше, үш жеке тұрғын үй мен іргелес шаруашылық құрылыстарында өрт шыққан. 

ХАБАР КЕШ КЕЛГЕН

ТЖД-ның алғашқы бөлімшелері келген кезде барлық үш тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар ашық жалынмен өртеніп жатқан. Оқиға туралы кеш хабарланғандықтан, өрт өрши түскен. Сөндіру жұмыстары жоғары температура, қою түтін және құрылыстардың құрылымдық ерекшеліктері (қамыс үйлер) себебінен күрделене түсті. Сонымен қатар ғимараттар арасындағы 1,5–2 метр ғана болатын тар жолдар мен тығыз құрылыстар қосымша қиындықтар туғызды.

АДАМ ӨЛІМІ

Өрт болған жерден екі адамның мәйіті табылды. Бір адам күйік жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жалпы өрт аумағы 448 шаршы метр. Өрт сөндіру барысында жану аймағынан төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

ӨРТ СӨНДІРУ ЖҰМЫСЫ

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды: жеке құрамнан 18 адам және 6 техника бірлігі тартылды.