"Өлген иттің етін жегізді": Шымкентте емші Смановқа сот үкімі шықты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкентте алты баланы асырап алып, оларға қорлық көрсетті деп айыпталған «емшіге» қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Otyrar.kz мәліметінше, Шымкентте алты баланы асырап алып, оларды қорлады және ата-ана міндетін орындамады деп айыпталған емші Ұлықбек Смановқа қатысты іс аяқталды.

СОТ ШЕШІМІ

Соттың шешімімен айыпталушы мәжбүрлі емдеуге жіберілді, себебі ол созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деп танылды.

ӘЙЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ІС

Сонымен қатар оның жұбайына қатысты қылмыстық іс те тоқтатылды. Полиция мәліметінше, оның әрекеттерінен қылмыстық құрам табылмаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Сманов асырап алған балалар қандай қорлық көргенін айтып берген еді. Оқиға Шымкент қаласына қарасты Көкбұлақ ауылында болған.