Каспийде итбалықпен қатар құстардың да өлексесі табылған

Сырым Қаржас
Lada.kz

Форт-Шевченко маңындағы жағалаудан жабайы құстардың өлекселері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ, Баутино ауылдарының жағалау аумақтарын тексеру барысында құстардың жаппай қырылғаны анықталды, деп жазады lada.kz. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы растады.

Жергілікті жерді тексеру үшін аумақтық инспекция, балық шаруашылығы бақылауы және экологиялық полиция өкілдерінен құралған комиссия құрылған. Тексеру кезінде теңіз жағалауының түрлі бөліктерінен үйрек, баклан және шағала секілді 13 жабайы құстың өлексесі табылған.

Зертханалық талдау үшін биоматериал алу мүмкін болмаған — себебі табылған өлекселердің жағдайы нашар болған. Тексеру қорытындысына сәйкес, аумақтық инспекция аудандық әкімдікке құстардың өлекселерін арнайы қызметтер арқылы шығару және жою қажеттігі жөнінде хабарлама жіберді.

Ведомство өкілдері, егер зерттеуге жарамды үлгілер табылса, ветеринариялық қызмет мамандары да тартылатынын атап өтті. Жағалау аумағын бақылау жұмыстары жалғасады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Каспий маңында 200-ге жуық итбалық өлі табылған болатын.