Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Астанада үстіне кондиционер құлаған фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

- Тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлауы салдарынан қызметтік міндетін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер 18 қарашада көз жұмғанын хабарлайды, делінген хабарламада. 

8 қарашадан бері пациент реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда болып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, алған жарақаттары тым ауыр болып, науқас қайтыс болған. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, тоғыз қабатты үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы аяқ астынан опырылып түскен. Алғашында жолда кетіп бара жатқан апалы-сіңлі екі әйел мен олардың ағасы ауыр жарақат алған. Бірнеше секундтық айырма өмірді шегіне жеткізген: үйдің қасбеті дүкенге кірмек болған екі әйелдің дәл үстіне құлаған.

Зардап шеккендер дереу туысына хабарласып үлгереді. Көмекке жеткен ағасы да құлаған кірпіш астында қалып, ауыр жарақат алады.