Рудный тұрғындары жылусыз қалды

Ulysmedia

Қостанай облысының Рудный қаласында жылу құбыры жарылып, тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Әкімдіктің хабарлауынша, 19 қаңтарда сағат 10:30-да Горняков көшесі бойынша диаметрі 530 миллиметр болатын жылу құбыры жарылған. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй, тағы да басқа 16 ғимарат жылусыз қалды.

"Рудный жылу желілері" ЖШС апаттық бригадалары апатты жою жұмыстарын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізетін болады", - делінген хабарламада.