Қостанайда 20-дан астам үй жылусыз отыр

Ulysmedia

Қостанайда 20-дан астам тұрғын үй күні бойы жылусыз отырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қостанай жылу электр компаниясының хабарлауынша, ақауларды жою жұмыстары бүгін күні бойы жүргізіледі.

«Қаланың жылу желілеріндегі ақауларды жоюға байланысты келесі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылады: Дощанова № 145/7, Тәуелсіздік № 161, 163, 165, Әл-Фараби 134, 136, 138, 6 шағын ауданы, № 106, 7 шағын ауданы, № № 8а, 11, 11А, 12, 14, 15, 16, 17, 17Б, 21, 25, Арыстанбекова № 6, Узкоколейная № 2/1» , - деп хабарлайды Қостанай жылу электр компаниясы.

Сағат 18:00-ге дейін барлық ақаулар жойылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бұған дейін Рудныйдағы жылу трассасында ірі апат болған еді. Рудныйда 24 үй, жеке секторда 59 үй және заңды тұлғалардың 16 ғимараты жылусыз қалған.

Мемлекет басшысы жылу құбырының жарылуы салдарынан зардап шеккен Рудный тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне бұлай қауіп төндіруге болмайтынын айтты. Президент Қостанай облысы мен қала басшылығына жағдайды жедел қалпына келтіруді тапсырды.