Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Сырым Қаржас
Фото. facebook

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов 20 желтоқсан күні кешке өз үйінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Марқұм 46 жаста болған. Артында балалары қалды.

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты аудандық әкімдік растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың жазында тағайындалған.