Өскемен қаласында тұрғындар байқаған сарғыш түсті қарға қатысты экология департаменті зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мамандардың мәліметінше, қар сынамаларына жүргізілген зертханалық талдау зиянды заттардың, соның ішінде ауыр металдардың шекті мөлшерден асқанын анықтамаған.
Экологтар қардың түсінің өзгеруін ауа ағындарымен келген шаң мен құм бөлшектерінің шөгуімен байланысты деп түсіндірді. «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, 10–11 қаңтар күндері Өскеменде солтүстік-батыстан соққан қатты жел (секундына 15–20 метрге дейін) соғып, ауадағы ұсақ бөлшектердің қар бетіне жиналуына әсер еткен.
Мұндай құбылыс бұған дейін де тіркелген. 2018 және 2021 жылдары қалада осыған ұқсас жағдайлар болған.
- Зерттеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асу фактілері анықталған жоқ, — деп мәлімдеді Экология департаментінің өкілдері.