21 жастағы Нұрайдың өлімі алдындағы видеосы тарады

Сырым Қаржас
Видео кадры

Желіде 21 жастағы Нұрайдың өлімі алдындағы видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеода Нұрайдың қасындағы жігіт онымен сөйлеспек болғанын байқауға болады. Алайда Нұрай сөйлескісі келмей, қолын итеріп жіберген. 

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

Бүгін ішкі істер министрлігі бұл істі бақылауына алғанын хабарлады. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Күдікті екі күннен кейін, яғни 13 қаңтарда ұсталған