Бурабайда қаңғыбас иттерді жою шарасы барысында қауіпсіздік талаптары сақталмай, бір қызметкердің атқан оғы әріптесіне тиіп, адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Өңірлік денсаулық сақтау саласының мәліметінше, зардап шеккен азамат атыс салдарынан жараланып, жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген.
Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол Бурабай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Ақмола облысының полиция департаменті аталған жайтқа байланысты абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік таныту баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын мәлім етті.