Шымкентте төрт адам өлі табылды: себебі белгілі болды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден төрт адам өлі табылды. «QazaqGaz Aimaq» Шымкент өндірістік филиалы өлім себебін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға орнына «QazaqGaz Aimaq» АҚ апат бригадасы барған. Оқиға орнына келгенде, алдын ала болжам бойынша, қайғылы жайтқа 2009, 2006, 2002 және 1994 жылдары туған төрт адамның газдан иістенуі себеп болғаны анықталған. 

Зерттеу барысында апат бригадасы уланудың ықтимал негізгі себебі тиісті рұқсатсыз өз бетінше орнатылған су жылытқыштың мұржасында тартымның болмауы екенін алдын ала анықтады. Желдету арнасы қарастырылмаған. Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы шарт, сондай-ақ түтін және желдету арналарына тексеру жүргізу актісі ұсынылмады.

Жазатайым оқиғаның нақты себептері сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады. Тиісті тергеу жүргізу үшін ақпарат жергілікті атқарушы органға жолданды.