×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тағы да құбыр жыры: павлодарлықтар жылусыз қалды

02.03.2023, 16:28
stan.kz

Бүгін Павлодар қаласының Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жылу құбырындағы апат салдарынан жер астынан су атқылаған. 

“11 көп қабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанда жылу өшірілді. Павлодар жылу желілерінің мамандары жуақ арада ақауды жойып, қалыпқа келтіреді”, - деп хабарлады 109 қызметінде. 

Кешкі сағат 19.00-ге дейін жылу желісін қалыпқа келтірілетіні айтылды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы бері Қазақстанның түкпір-түкпірінде апаттар жиі қайталанып, тұрғындар жылусыз отыруға мәжбүр болды. 

2022 жылдың 27 қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. 

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Жуырда өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды

Өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауда Екібастұздағы жылу мәселесі көтеріліп, сенатор Алтынбек Нұхұлы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесіне жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстарының ұзаққа созылып кеткенін сынға алған болатын.

Үкіметтің мәліметінше, наурыздың соңына дейін техникалық аудит жүреді. Аудит нәтижесінен кейін ЖЭО кімнің есебінен жөнделетіні шешілмек.

Биыл Риддер де апаттан көз ашқан жоқ. Қаланың жылу электр орталығындағы кезекті апат 28 ақпанда болған еді.

 

Серіктес жаңалықтары