82 жастағы ақтаулық ата турникке 20 рет тартылады

Ulysmedia

82 жастағы ақтаулық ата Түркменбай Тұрғанбаев күн сайын дене жаттығуымен айналысып, турникке тартылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

lada.kz-ның мәліметінше, Ақтау тұрғыны Ғибрат Бектұрғанов 29 қыркүйек күні таңғы уақытта 15 ықшамаудандағы жағалаудың спорт алаңынан турникке тартылып жатқан атаны көріп, видеоға түсіріп алған.

Ғибрат Бектұрғановтың айтуынша, ақсақал турникке 20 рет тартылған.

«Атаның жасы ары кетсе 60-65-те деп ойладым, сөйтсем 82 жаста екен. Ол денсаулығың мықты болып, бір қалыпта жүру үшін дұрыс тамақтану керек екенін айтты. Күніне аз-аздан 4-5 рет тамақтану керек екен. Аптасына бір рет асқазанын босатып, тек қана 2-3 литр су ішеді. Сондай-ақ, ол осы жасында белсенді болуы үнемі жақсы нәрсені ойлап, көңілді жүруінің арқасы екенін айтты», - дейді ол.