"Бюллетенде Думан Мұхаметкәрімнің есімі жоқ": Аумақтық сайлау комиссиясы жауап берді

Ulysmedia

Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы облыстан №12 сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісіне кандидат Думан Мұхаметкәрімнің аты-жөні бюллетенде болмауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Іле ауданының Байсерке ауылындағы №372 сайлау учаскесінің төрайымы Гульжан Айтыбасованың хабарлауынша, барлық кандидаттардың аты-жөндері талаптарға сәйкес бюллетендерге енгізілген.

 «Барлық тіркелген кандидаттардың аты-жөндері бюллетендерде бар. Кандидаттардың сенімді өкілдері бюллетендерді тексеріп, бұған көз жеткізе алады», – деді Г. Айтыбасова.

Еске салсақ, Бұдан бұрын Байсерке тұрғыны бюллетендегі кандидаттар тізімінен Думах Мұхаметкәрімнің есімін таба алмағанын айтқан.