Маңғыстауда 500-ден астам мүгедек балаға тиісті тегін қызметтер көрсетілмеген

Ғалиасқар Думан

Маңғыстау облысында 3 мыңнан астам мүгедектігі бар тұрғынның мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алу бойынша құқығы бұзылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

rusnord.ru

Облыстық прокуратураның мәліметінше, мүгедектігі бар жандарға мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілген. Талдау барысында 3 258 адамды оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолданбау фактілері анықталды. Оның 525-і – бірінші, 849-ы – екінші, 1 322-сінің үшінші топтағы мүгедектігі бар. Сондай-ақ, 562-сі – бала.

“Енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен кемшіліктер жойылып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, мүгедектігі бар жандардың арнаулы оңалту орталығына баруға, санаторий-курорттық ем алуға, сондай-ақ жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне және басқа да мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерге құқы бар.