Қазақстанның барлық газдандырылған ауылы мен қалаcының 40% астамы екі аймаққа ғана тиесілі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұған қоса еліміз халыққа арналған газ бағасы және бағалар бойынша көгілдір отын қолжетімдігі бойынша еуропалық мемлекеттер арасында көш бастап тұр, дейді energyprom.kz.
Биылғы жылдың басына қарай Қазақстанда 1,07 мың елді мекен болды, ал табиғи газбен газдандырылғандар былтырғы жылғыдан 6%-ға көп.
Газдандыру деңгейі бойынша облыстар рейтингінде еліміздің негізгі газ шығаратын өңірі - Батыс Қазақстан облысы сенімді түрде көш бастап тұр. Бұнда 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 230 ауыл мен қала газдандырылды. Бұған қоса көшбасшылар үштігінде – Жамбыл және Түркістан областары кірді. Оларда табиғи газбен қамтылатын 214 пен 148 елді мекен бар.
Облыстардың негізгі үштігіне Қазақстан бойынша барлық газдандырылған қала және ауыл санының жартысынан астамы кірді. Ал үздік көрсеткіштері бар екі өңірге барлығы 40% астам тиесілі.