Ақтөбеде 413,8 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

Ulysmedia

Ақтөбенің №2 соты қаладағы №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Онлайн режимде өткен сот процесіне Білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қатысты.

Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасап, мемлекеттен 413,8 млн теңге жымқырған.

Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30%-ын құрайды.

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.