10-12 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Көктайғақ та болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Қазгидромет» болжамына қарағанда, тек елдің батысында 11-12 қарашада жауын-шашын аз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз батыста ауа температурасы +3…+12 градус, солтүстік-батыста 0…+8 градус болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде −3…+5 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +2…+10 градус аралығында болады.
Контекст
9 қарашада Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қар мен көктайғақ болатыны ескертілді. Сол күні елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.