Қазақстандағы халықтың жалпы несиесі 18 трлн теңгеге жетті

Сырым Қаржас

Оның ішінде несие алушылардың жалпы сомасы 716 млрд теңге болатын несиені жаба алмай жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Коллаж Ulysmedia

Агенттіктің ақпараты

2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. Оның 11-і шетелдің қатысуымен, 8-і еншілес банк. Банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 3%-ға немесе 598 млрд теңгеге өсуі есебінен мамырда 1,6%-ға немесе 853 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 3,5%-ға немесе 1,8 трлн теңгеге өсу), 53,3 трлн теңгені құраған.

– Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2024 жылдың мамырында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 5,6%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,4%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,8%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92,0%-ды құрады, – делінген хабарламада.

Бизнеске берілген несие

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,5%-ға 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 2,5%-ға өсу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 0,9%-ға 9,7 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 0,1%-ға төмендеу). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,1%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,9%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 5,3%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 10,6%-ға артық (2024 жылдың басынан бері 6,8 трлн теңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға артық).

Халыққа берілген несие

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,3%-ға ұлғайып, 18,0 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 7,8%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,7%-ға 11,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,5%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

Уақтылы жабылмай жатқан несиелер

1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,2%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

Бизнеске берілген қарыздар бойынша NPL90+ деңгейі 2,2%-ды немесе 283 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша – 4,0%-ды немесе 716 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,3%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).