Алматыда қазанның ортасында жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды

Сырым Қаржас
instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда қазан айының ортасында жоғалған жас жігіттің мәйіті Алматы облысында табылды. Бұл туралы еріктілер Lider.kz өздерінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еріктілердің мәліметінше Тасқұлов Әбдусалам Әбдірахманұлы, 1990 жылы туған, 2025 жылғы 14 қазанда жоғалған. Сағат шамамен 22:30-да ол Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» ықшам ауданынан шығып, оралмаған.

Бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.

Еріктілердің хабарлауынша, жоғалған адам 30 қазан күні зорлық белгілері жоқ күйде табылған.

Оқиғаның егжей-тегжейі әзірше жарияланған жоқ.