«Қуатты өңірлер»: Әсет Ирғалиев 7,5 трлн теңгеге басымен жауап береді

Мөлдір Бақыт

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 7,5 трлн теңге қаралған деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz

Еске салсақ, биыл 13 қазанда бұрынғы мембағдарламалар орнын басатын 10 Ұлттық жоба бекітілді. Ол құжатта ел экономикасы қайда бағыт алатыны қамтылған. Соның бірі өңірлерге арналады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверінің» мақсаты туралы үкіметтің ресми сайтында былай делінген:

«Халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын қамтамасыз ету және елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру есебінен азаматтардың тұруына қолайлы орта құру».

БЮДЖЕТІ

Осы жобаның бюджетіне тоқталсақ. Төрт жылға барлығы 7,5 трлн теңге қаралған.

КІМ ЖАУАПТЫ?

10 Ұлттық жобаны іске асыруға 5 жылда 49 трлн теңге қарастырылған. 16 трлн теңге бюджеттен, оның ішінде: 13,3 трлн теңге РБ (республикалық бюджет), 3 трлн теңге ЖБ(жергілікті бюджет), ал 33 трлн теңге жеке инвестициядан келеді деп отыр.

Әр жобаның орындалуына саланың бірінші басшысы жауапты. Министр мен вице-премьерлер бекітілген. 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының жетекшісі – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, Куратор - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АУЫЛ ХАЛҚЫН ҚАЛАҒА КӨШІРУДІ КӨЗДЕЙДІ

Қандай әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу күтіледі:

- Урбанизация деңгейін 59,1% - дан 62,6% - ға дейін ұлғайту;

- Агломерациялар мен облыс орталықтарындағы (сондай-ақ Семей қаласындағы) халық санын жыл сайын 1,7% - ға ұлғайту;

-  Ауылды елдімекенге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 21 мыңнан астам мамандарды, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін тарту;

- Барлық қаржыландыру көздері есебінен 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайларын;

- Ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- Қоныс аударушылар мен қандастардың жұмыспен қамтылу деңгейін, оның ішінде кәсіпкерлік бастаманы дамыта отырып, 79% - дан 87% - ға дейін арттыру.