Қазақстан үкіметі бюджетке ақша неге жетпей жатқанын жасанды интеллектпен зерттемек

Сырым Қаржас

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов 2025 жылдан бастап Қаржы министрлігі жасанды интеллектті өз жүйелеріне белсенді енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, ЖИ бюджет көрсеткіштерін болжауға көмектесе алады. Тіпті вице-министр бұл әдіс болашақта "бюджет профицитіне қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін" деп болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ   

Вице-министр Әсет Тұрысовтың айтуынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жасанды интеллект бұрын қолданылмаған. Алайда Қаржы министрлігі бұл мәселені зерделеуді, мемлекеттік жоспарлау кезінде деректерді жүктеуді көздейді. Сын, тәуекелдерді басқару жүйесін болжап, жасанды интеллектті одан әрі пайдалану үшін шығындарды да, кірістерді де сол арқылы есептемек. Бұл болашақта бюджеттің ауытқуларына жол бермес үшін жасалады.

– Жоба 2025 жылға жоспарланған. Қаржы министрлігі мен цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бюджетті жоспарлау кезінде адамдар кеңес кезінде деректерді жылдам аудару жоспарында қандай да бір көмек алуы үшін ЖИ енгіземіз, - деді вице-министр.

ПРОФИЦИТ БОЛА МА  

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның бүкіл тарихында республикалық бюджет әрқашан тапшы болғанын айтқан-тын. Ulysmedia.kz тілшісі сол себепті жасанды интеллектті профицитке жеткізе ме деп сұраған.

– Әрине, жасанды интеллект өзінің тиімділігін көрсетеді. Алдымен кез-келген жағдайда адамдар шешім қабылдайды, өйткені жасанды интеллект үйрену керек. Оны дұрыс мәліметтермен "тамақтандыру" керек. Бірақ, болашақта, әрине, ЖИ бюджеттің профицитке ие болуын болжауды көрсетуге бағытталады, - деді Әсет Тұрысов.

Оның айтуынша, бұл – жасанды интеллектті қолданудың стратегиялық мақсаттарының бірі.

БЮДЖЕТ ДЕФИЦИТІ

Бұған дейін ұлттық экономика министрі болған Нұрлан Байбазаров болжам бойынша республикалық бюджет кірісі 2025 жылы 15,6 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 10,4%) немесе 2026 жылы 16,7 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 9,9%) құрайтынын мәлімдеген еді. Министрдің сөзінше, 2025 жылы бюджет тапшылығын 2026–2027 жылдары жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,2%-ға және 1,9%-ға дейін төмендете отырып, жалпы ішкі өнімге қатысты 2,7% деңгейінде айқындау ұсынылады.