Қаңтарда өртенген Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 7,1 млрд теңге бөлінбек

Ulysmedia

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 теңге сомасында қаражат бөлінсін», - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, әкімдік ғимараты қаңтар оқиғасы кезінде қиратылған еді. Бұдан бұрын шаһар басшылығы оны жөндеу жұмыстары көктемде аяқталатынын мәлімдеген.