×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі қайта ұзартылды

14.09.2021, 14:32
фото: ашық дереккөзден

Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу мерзіміне орай үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізді. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды», – деді тергеу судьясы Талғат Ақшабаев.

Экс-министр Елжан Біртанов 2020 жылғы қарашадан бері үйқамақта отыр. Өз кезегінде, қорғаушы мен Біртановтың өзі бұлтартпау шарасының басқа да жеңілдетілген түрі іс материалдарымен танысуға ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. Тергеу мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы мен оның орынбасары Олжас Әбішев министрлікте жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосты және 1,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді. Сондай-ақ Біртанов өткен жылғы маусымда санитарлық авиация ұшағын жеке мақсаттарда пайдаланып, билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Серіктес жаңалықтары