«Уақыты келді»: Тина Канделакидің сөзіне депутаттар не дейді

Ulysmedia

Мәжіліс депутаттары ресейлік танымал тележүргізуші Тина Канделакидің "Қазақстанда орыс тілі мемлекеттік деңгейде ығыстырлыып жатыр" деген сөзі жөнінде ойын айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Константин Авершин Тина Канделакидің кім екенін білмейтінін және оның мәлімдемелерінің мазмұнынан хабарсыз екенін айтады.

– Мемлекеттік тілді ілгерілету бағытындағы кез келген әрекет қалайда осылай қабылданады. Менің ойымша, біз өз егемендігімізге лайықпыз, тәуелсіз мемлекетпіз және өз аумағымызда қажет деп санайтын нәрсені жасауға қақымыз бар. Егер қандай да бір беделді адам сөйлесе, түсініктеме беруге болар еді, - дейді Авершин.

Депутат Мақсат Толықбай қазір Қазақстан халқының 70% астамы этникалық қазақ екенін және е қазақ тілі елдердің байырғы халқының басым бөлігін біріктіретінін атап өтті.

– Бізде бір тіл болуы керек. Соған бара да жатырмыз. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер алдында міндеттеме қойылуы тиіс, себебі бізде халықтың 70% астамы қазақтар. Біз ешкімге қысым жасамаймыз. Конституцияға тек мемлекеттік тілді қалдыру туралы мәселе қоятын кез келді. Біз қазір нақты мерзімдерді айта алмаймыз, бірақ тіл туралы мәселе әлі көтеріледі, - дейді ол.

Ирина Смирнова Тина Канделакидің сөзін оқымағандар қатарында.

– Бұл біреудің жеке пікірі. Оның Қазақстанға жалпы қандай да бір қатысы бар ма? Осында келіп көріп пе? Шын мәнінде, ешкім ештеңені ығыстырып жатқан жоқ. Мен парламентте жұмыс істеймін, орыс тілінен қазақ тіліне және кері аудармаларды қолданамын. Мені ешкім қуып жатқан жоқ, маған қандай тілде сөйлеу керектігі туралы ештеңе айтпайды. Бізде орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқындалған. Біз бірнеше тілді қолданатын жалғыз ел емеспіз және бұл бәрінің көңілінен шығады. Мен ешқандай қысым сезінбеймін, - деп жауап берді депутат.

Ермұрат Бапи Тина Канделаки аузына келгенін айтатынын атап өтеді. Сонымен қатар, ел халқының 70% қазақтар, демек, орыс тілінен біртіндеп шегіндіретін уақыт келді дейді.

– Көпшіліктің мүддесі қысымға түспеуі керек деп санаймын, ал бізде халықтың басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейді. Мен Динара Сәтжанның Тина Канделакиге берген жауабын қолдаймын. Әрбір патриот осы ұстанымын ұстанып, мемлекеттік тілдің мүдделерін қорғауы тиіс, - деді Бапи.

Әңгіме қайдан шықты

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" дейді ол.