Депутаттар мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды

Аян Өрібай

Мәжіліс отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Фото: Ашық дереккөздерден

Заң жобасын қорғаған депутат Динара Зәкиеваның айтуынша, мектеп — жасөспірім үшін үйден тыс уақытының көп бөлігін өткізетін, тіпті маңызды және күрделі мәселелерді қауіпсіз талқылауға болатын, өзін-өзі дамытуға кеңістік және оқу мен тәжірибе жинау үшін мүмкіндіктер көзі болатын орын және әдетте таныс, әрі қауіпсіз орта.

«Әрине, мектеп жеке дамудың, балалардың психикалық және эмоционалды денсаулығының қайнар көзі. Бірақ мектепте балалардың қауіп-қатерге немесе жәбірлеуге ұшырауы да сирек емес. Бұл баланың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, мектеп климатына да теріс әсер етеді», - деді Зәкиева.

Осы себепті заң жобасында білім беру процесінде жәбірлеудің алдын алу тетіктерін реттеу көзделіп отыр. Құжатта білім беру мекемелерінің педагогикалық құрамы мен қызметкерлері көмекке мұқтаж балаға уақтылы көмек көрсету жөніндегі әдіснамамен, сондай-ақ балаларға жәбірлеудің (буллинг) белгілерін түсіндіретін және бір-біріне құрметпен қарауға баулитын бағдарламалармен қамтамасыз етілетіндей жәбірлеудің алдын алудың осындай нысаны ұсынылады.

«Аталмыш түзету 3 миллионнан астам оқушының жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталған», - деді ол.

Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

«Бұл заң жобасы қазіргі қоғамға қажетті мәселелерді шешуі тиіс. Балалардың құқығын қорғау керек. Екінші оқылымға дейін уақыт бар. Балалардың қорғаудың тетіктері мұнда біршама қаралды. Жұмыс тобы бұл ретте өте өнімді жұмыс істеді. Мемлеккеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен мәселе көп талқыланды», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.