28 қазан күні Қазақстан аумағында 26 адам коронавирустан, тағы 8 сырқат пневмониядан көз жұмған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласы мен Павлодар облысында - 4 науқастан.
Алматы облысында – 3, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Ақмола облыстарында – 2, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан көз жұмған. Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан бас өңірдің бәрінде коронаристустан көз жұмғандар бар.