Хэллоуин - әлемнің көп елінде 31 қазан тойланатын халықаралық мереке. Қорқынышты мейрам көп мемлекетте аталып өткенімен, оған қарсы елдер де бар. Қазақстанда да жағдай сондай. Халықтың бір бөлігі үрейлі костюмін киіп, жыл сайын тойласа, тағы бір бөлігі бұл мерекеге түбегейлі қарсы. Биыл да осы мейрамды отандық жұлдыздардың бірі атап өтсе, енді бірі оның бізге мүлдем қажет еместігін айтып жатыр. Сонымен, биыл қазақстандық селебритиден кімдер Хэллоуин атап өтті?
Танымал актер Санжар Мәди ерекше суретін инстаграм парағында жариялады.
Ал белгілі вайнер Біржан Әшім мен оның жұбайы да бірнеше жантүршігерлік сурет жария етті.
Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова да мерекеге сай қалпақпен суретке түсіпті.
Журналист Майя Бекбаева болса, мейрамды қалай атап өтетінін көрсетіпті.
Әнші Тамара Асар шетелден келген мерекені тойлап жүрген балғындардың суретін жариялап, «бізге осы мейрам керек пе?» деп сұрақ қойыпты.
Хэллоуин – Ирландия мен Шотландия көне кельттерінің дәстүрлерінен бастау алған, тарихы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия аумағында басталған мереке. Хэллоуин дәстүрлі түрде Батыс Еуропа мен АҚШ-та, сондай-ақ осы елдермен тығыз мәдени байланысы бар Аустралия және Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде тойланады.
Ирландиялық наным бойынша, бұл күні о дүниенің қақпасы ашылып, қайтыс болған ата-бабалардың рухтары тірі туыстарына қонаққа келеді. Бірақ қайтыс болғандар көзге көрінбейтіндіктен, ұрпақтары олардан айырмашылық болмау үшін қорқынышты костюмдер киеді. Осылайша костюмдер тірілер мен өлілерді теңестіреді және бәрі бірдей көңіл көтереді деген наным бар.