Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысы үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.
Мән-жай
24 қыркүйекте Каспий жағалауында өткен «Хазар қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде кенеттен болған дауыл 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Олардың тоғызы қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаны тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Оның құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі және бас әскери прокурор кірді.
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, сот сараптамалары тағайындалды.
Қазақстанға Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі де көңіл айтты.