Telegram-арнаның бірі тегін үйірмелерге бөлінген бюджет қаражатының басым бөлігі қазақстандық әншілер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаға тиесілі «Қарақат» мектеп-студиясына бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды, ulysmedia.kz.
Telegram-арналардың бірінде жазылғандай, қараша айының басында жеке жаттықтырушылар, мұғалімдер мен ата-аналар тіркелген «artsport.edu.kz» мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру платформасында өте күдікті жағдайлар болды.
Платформада бөлінген қаражат тез таусылып қалған. Салдарынан қыркүйек айында астаналық оқушылар ешқандай үйірмеге жазыла алмапты.
Ал 3 қарашада аталған платформаның әкімшілері 700-ге жуық ваучерді бір сағатқа жетер-жетпес уақытта жүктеген. Олардың басым бөлігін балаларын «Қарақат мектеп» студиясына («Айсұлтан арт» ЖШС) бергісі келетін ана-аналарға тиеді. Осы мектептің ата-аналары отыратын топта мектепке жазылу 3 қараша күні сағат 09:00-де басталатыны алдын ала ескертілген. Сондай-ақ, порталдан аталған мектепті табу жолы көрсетілген.
Демек студия мен қалалық мәдениет басқармасы арасында өзара келісім болуы ықтимал.
«Нұр-Сұлтан қаласында шығармашылық тапсырысқа қатысты бюждет 141,6 млн теңгені құрайды. Жеңілдік алуға берілген шектеулі уақыт ішінде бір ғана мекеменің байлыққа кенелуі қаншалықты әділетті?», - делінген Telegram-арнасында.