Қазақстанда бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Ulysmedia

Қазақстанда өткен соңғы тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 34 972 адам коронавирус инфекциясынан  емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 736 пациент стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 503 адамның жағдайы ауыр, 127 пациенттің жағдайы өте ауыр, 89 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.