Халықаралық кинофестивальда «Қазақфильм» арнайы сыйлықпен марапатталды

Ulysmedia

Станбұлда  өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінің жабылу салтанатында «Қазақфильм» киностудиясы «Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, марапатты «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды. Ол фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты. Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис»  тарихи картинасымен ашылды.