"Ең жақсы көретін сөзім "мүмкін": қазақ тілін 10 айда үйренген швед

Әлихан Асқақ

Гаврейл осыдан он ай бұрын Қазақстанға келген. Осы уақытта ол қазақ тілін меңгеріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скрин

AIVAR youtube арнасына сұқбат берген Гаврейл қазақ тілінде күнделікті қолданыстағы сөздерді еркін меңгергенін айтады.

Мен он ай бұрын Қазақстанға келдім. Қазір «Батыл болға» барып жүрмін. Қазақ тілін бәрі үйренгісі келеді. Қазақ тіліндегі ең жақсы көретін сөзім... мүмкін, бәрібір. Бұл сөз маған қатты ұнады – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, қазақ тілін үйренуіне Швецарияда жүргенде сабақ берген қырғыз мұғалімнің кеңесі себеп болған.

Мен одан, «жақында Қазақстанға барамын. Мен қазақ тілін қай өңірінде жақсы үйрене аламын?» деп сұрадым. Ол маған «Батыл болға» баруға кеңес берді. Менің ойымша адам бір елде көп уақыт тұратын болса, жергілікті тілді білу өте маңызды. Жергілікті тұрғындармен араласу, хабарласу маңызды» - дейді жас жігіт.