ҰБТ 2024: Медицинаға түсуге бір орынға 22 адам таласты

Дастан Кенжалин

Биыл мектептен 186 мыңнан астам түлек түлеп ұшса, 181 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тест тапсырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz atamekenbusiness-ке сілтеме жасап.

satbayev.university

ТАЛАПКЕРДІҢ 81, 43 ПАЙЫЗЫ ӨТУ ҰПАЙЫН ТАПСЫРҒАН 

Тест кезінде білім бәйгесіне түскен талапкерлердің 81,43 пайызы тиісті нәтиже көрсеткен.

Елміз бойынша орташа балл 72 балл болған.

МЕДИЦИНАҒА ТҮСУ ҮШІН БІР ОРЫНҒА 22 АДАМ ТАЛАСҚА ТҮСКЕН 

Қолда бар мәліметке қарағанда, медицинаға оқуға түсу үшін бір орынға 22 адам таласқан.

Халықаралық қатынастар мен дипломатия қызметкерінің дипломын алу үшін 13 адам бір орынға бәйгеге түскен.

Құқық мамандығының дипломын алу үшін бір орынға 11 адам оқуға түскісі келсе, психология, сән және дизайнға бір орынға 9 адам таласқан деген дерек бар. Сонымен бірге Филология, журналистика және репортерлік іс оқуына бір орынға 7 адам түскісі келген.

БАКАЛАВРИАТҚА ДА КӨП ГРАНТ БӨЛІНГЕН 

Бакалавриатқа 79 мың грант бөлінген. Соның ішінде 19 344 грант инженерлік, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласына берілген.

Педагогикалық ғылымға 13 735, ақпараттық-коммуникациялық технологияға 10 903, жаратылыстану ғылымдары, математика мен статистикаға 8 288 грант бөлінген.

Сондай-ақ, 150 «Педагогикалық ғылымдар» мен «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика мен ақпарат»  білім беру топтарына жартылай төленетін дифференциялық грант берілсе,  «Серпін» бағдарламасымен оқуға түсу үшін 3 903 грант бөлініп отыр.

Халқы тығыз орналасқан, жаңадан құрылған елді мекендерде тұратын жастарға және еліміздің батыс өңірлеріндегі оқу орындарына 5 000 арнайы мақсаттағы грант берілген.