Парламент Мәжілісінде адамға есірткі жасағаны үшін жазаны заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Енді заң жобасы қаралып, қабылданса, есірткі жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АЛМАТЫНЫҢ БІР ӨЗІНДЕ 11 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ КӨЗІ ЖОЙЫЛДЫ
Қазіргі кезде елімізде есірткі зертханалары көбейіп кетті. Ол тез көбейіп жатыр. Polisia.kz-тің хабарлауынша, биылғы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткіні жасауды жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды. Бір Алматы қаласының өзінде осындай 11 факт анықталды. Алматы облысында да жағдай мәз емес. Бұл жерде тәртіп сақшылары жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам «синтетика» мен екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
НАРКОТИКТІ 800 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ҮЙ ЖАЛДАП, САТҚАН
Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілде айының соңында Астананың үш тұрғыны ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, мефедрон өндірісін сатумен айналысқан. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.
БІР КЕЛІ ЕСІРТКІНІ САТСАҢ, 1,5 МЛН ТЕҢГЕ БЕРЕМІЗ ДЕП УӘДЕ БЕРГЕН
Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді. Күдікті «виртуалды» кураторлары дайын есірткінің келісі үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген. Енді ол 15 жылға жуық мерзімге сотталуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.
Қазір жоғарыда атап өткеніміздей, Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр.
Есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқарту мәселесі де қаралуда.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының прокуратурасы Түркістан облысында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкереледі.