БҚО-да үш адамды 100 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Дастан Кенжалин

Батыс Қазақстан облысының полициясы үш адамның 100 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

stopfake.kz

АЛАЯҚ ПӘТЕРЛЕРДІ САТЫП ОТЫРҒАН

Орал қалалық плиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, үш адамды ақшаға алдап кеткен. Күдікті алданған адамдардан ақшаны алған соң, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналысқан.

Мәселен, 2022 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны оған 30 млн теңге қаражатын аударса, Орал қаласының тұрғыны 2020 жылы үйді ресімдеу үшін 27,5 млн теңге ақшасын берген.

7 ЭПИЗОД БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Облыс тұрғындарына келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады. Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды және бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеуді сұрайды. Танымайтын және тексерілмеген адамдарға үлкен соманы бермеу қажет. Сондай-ақ телефон алаяқтарымен сөйлескен кезде қырағылық танытып, мұқият болған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау қаласында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдікті ұсталған болатын.