Google дәурені бітті ме? АҚШ-та әлемдегі ірі IT-корпорациясына шабуыл жасалып жатыр

Дастан Кенжалин

Америка Құрама Штаттарында дүниежүзіндегі ірі IT-корпорациясы саналатын Google компаниясына қарсы ашықтан ашық шабуыл басталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

REUTERS/Brendan McDermid

Google-дың бәсекелестері компанияны АҚШ-тағы басқа да онлайн-іздеу платформаларының қызметіне кедергі келтіріп жатқан монополист екенін айтып, IT-корпорациясы айыптап отыр. Осыған байланысты Google компаниясына қарсы іс қозғалып, сот басталып кетті.

АҚШ-та осыған ұқсас сот процесі 20 жыл бұрын болған еді. Сол кезде Microsoft компаниясына қарсы іс қозғалған болатын,

КОМПАНИЯ НЕГЕ АЙЫПТАЛЫП ЖАТЫР?

2020 жылы 11 штатта орналасқан IT-корпорациясы Google компаниясын бәсекелестікке мүмкіндік бермей жатыр деп айыптап, оның үстінен  арыз түсірді. Бұл шағым-хатты негізінен құрылғыны жасаушылар мен веб-браузер операторлары жазды. Соған қарамастан Google жұмысын тиімді жалғастырып, 2022 жылы  нарықтағы өз орнын сақтап қалау үшін 20 млрд доллар төледі. Одан кейін Google-мен соттасу ісі бүкіл әлемге жарияланып, компанияға тағы бір ауыр айып тағылды. Енді ол интернет-жарнаманы жаулап алған деп айыпталды. Осы айыптаудан құтылу үшін IT-корпорациясы Әділет министрлігіне прокурорлардың істі тоқтатуы үшін чек жаздырып бергісі келіп еді, оны ведомство пара ретінде санап, істі сотқа жіберді.

Осылайша былтыр қыркүйек айында Google компаниясына қарсы с от басталды.

Сотта Google-дың Заң бөлімінің басшысы Кент Уокер бәсекелестерінің айыптарымен келіспейтінін, IT-корпорациясы өзінің тұтынушыларына жақсы қызмет көрсету үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Сотта судья оның сөзіне сот сенбей, компанияның жұмысын сынға алды. Ол Google-дегі  24 сағатта хаттарды жоюға болатын қызмет түрін сынады.

GOOGLE 2021-2022 ЖЫЛДАРЫ ЖАҚСЫ ПАЙДА ТАПТЫ

Сотта Google компаниясының 2021 жылы 26 млрд доллар, 2022 жылы 175 млрд доллар көлемінде пайда тапқаны, оның бәсекелестеріне де пайда табуға мүмкіндік бермей жатқаны хабарланды. Сөйтіп, соттың шешімімен Google монополист компания деп танылып, оған заңды айналып өтетін істермен айналысуына тыйым салды.

IT-нарықтағы мәліметке қарағанда, Google компаниясы сотта жеңілген соң, оның АҚШ-тағы бәсекелестері қызметін дамытуға көп мүмкіндік берілді.

Қазір дүниежүзінде IT-технология жылдам дамып келеді. Әлемнің беткеұстар компаниялары неше түрлі жолмен, әдіспен IT-нарықты жаулап алып жатыр. Мысалы,  WhatsApp-тың iPhone-ға арналған бета-нұсқасында TestFlight арқылы жүктеуге болатын 24.15.10.70 нөмірімен интернетті пайдаланбай жақын маңдағы адамдармен файлдарды бөлісуге мүмкіндік беретін функция табылды.

Осыған ұқсас функция бұрын Android жүйесіндегі WhatsApp сынақ нұсқасында байқалған. Дегенмен, IOS нұсқасында файлдарды ортақ пайдалану үшін QR кодын сканерлеу қажет, ал Android нұсқасында жақын маңдағы құрылғыларды автоматты түрде анықтау әдісі қолданылады.