Альберт Линдер өз-өзіне қол салған: чемпионның өлімі жайлы белгілі болды

Ulysmedia

Қазақстандық чемпионның өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Vesti.kz  мәліметінше, ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол салған екен. Ол асылып қалған болып шықты.

Бұған дейін cпортшының өлімі жайлы Ауыр атлетика федерацияның баспасөз қызметі хабарлаған болатын.  

Альберт Линдер – жастар арасындағы чемпион, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол 25 жаста ғана еді.