Бұл сұрақты үкімет кулуарында тілшілер Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазірге дейін біз бәрін бақылап отырмыз. Бәрі ойдағыдай. Аса бір қиналып кеткен жағдайлар тіркелген емес. Оны ектіргендер жақсы көтереді. Елде баланы емізіп отырғандар да, жүкті әйелдер де екпені салып жатыр», - деді ол.
Еске сала кетсек үкіметтің бүгінгі отырысында министр Қазақстанға бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілгенін мәлім еткен еді. Оның айтуынша, осы вакцина салынуы тиіс халықтың 35012-не аталмыш вакцина ектірген. Олардың ішінде 26 354 адам – бала болса, 8 658-і – жүкті әйелдер.
«Вакцина жеткізу жұмыстары апта сайын жалғасуда», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.